Шавкат Мирзияев білім көрмесі аясында бір топ мектеп мұғалімдерімен кездесті

    Билік 29 Dekabr 2022 7099

    Мемлекет басшысы білім көрмесі аясында бір топ мектеп мұғалімдерімен кездесті.

    Шавкат Мирзияев президенттігінің алғашқы күндерінде-ақ елдегі мәселелердің бірі ретінде кадр мәселесін көрсеткен болатын. Соңғы жылдары қай салада жүргізіліп жатқан реформалар мен үлкен жобаларға қарамастан, лайықты мамандарды даярлау күн тәртібінде тұрғаны сөзсіз.

    - Біздің барлық күш-жігеріміздің негізінде білім жатыр. Қайда барсам да жастармен, ірі кәсіпорындардағы жұмысшылармен сөйлесемін. Олардан «Сізді не мазалайды?» деп сұрасам, білім жетіспейді дейді. Дамыған елдер бүгінгі экономикаға қалай қол жеткізді? Білімнің арқасында! Сондықтан біз басынан бастап білім беруді жақсартуға тырысудамыз. 2023 жылды «Адамға көңіл бөлу және сапалы білім жылы» деп атадық. Енді мектептерге мүлдем жаңа атмосфера мен сапа енуі керек, – деді Мемлекет басшысы.

    Өзбекстан әлеуметтік мемлекет құрылып жатқаны белгілі. Соңғы жылдары жүздеген жаңа мектептер салынды, 500 мың оқушыға арналған қосымша орындар ашылды, 7 мыңнан астам заманауи компьютерлік кабинеттер ұйымдастырылды.

    Қолайлы жағдай мен қатар білім берудің мазмұны, әдістемені өзгерту бойынша шаралар қабылдануда. Бірінші кезеңде бастауыш сынып оқулықтары жаңартылуда.

    Мемлекет басшысы бұл іс-шаралар мектептегі білім берудің жалпы стратегиясының бір бөлігі екенін, оның сапасы мен тиімділігі көп жағдайда мұғалімге байланысты екенін атап өтті.

    – Мен мұғалімнің қоғамдағы беделі мен мәртебесін көтерудің не үшін қажет екендігі туралы көп айтамын. Өйткені біздің балалар жүрегінің нағыз сәулетшілері мен инженерлері – ұстаздар. Сондықтан педагогтарды материалдық және моральдық жағынан қолдау әрқашан біздің назарымызда. Оларды сабақтан басқа жұмыстарға тарту мемлекетке, болашаққа опасыздық деп бағалау керек. Ұстазға құрметсіздік – халқымызға, қоғамға құрметсіздік, деді Шавкат Мирзияев.

    Президент Конституция мен заңдарда мұғалімдер мәртебесі, құқықтары мен мүдделерін нақты белгілеу қажеттігін тағы да атап өтті.

    – Мұғалімдік ең мәртебелі мамандық болатындай қоғам құруымыз керек! Бұл жолда біз, ең алдымен, саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған мыңдаған ұстаздар мен жаттықтырушыларға арқа сүйейміз! Ұстазды ардақтаған қоғам ешуақытта жаман болмайды, алдына қойған мақсатына міндетті түрде жетеді. Мына шындықты ешқашан ұмытпаңдар: халқымыз өз болашағын сендерге сеніп тапсырған. Болашағымыздың қандай болуы ең алдымен сіздерге байланысты. Осы жолда Президент әрқашан сіздерді қолдайтын болады, – деді Шавкат Мирзияев.

    Жастарды тәрбиелеуде ата-ана жауапкершілігін арттыру маңыздылығы сөз болды.

    Сұхбат барысында ұстаздар жоғары оқу орындарында педагогика саласы бойынша кадрлар даярлаудың сапасын арттыру, шет тілінде сөйлейтін мамандарды мектепке тарту, жастарды мамандыққа бағыттау жөнінде өз пікірлерін білдірді.

    Сөзінің соңында Мемлекет басшысы ұстаздарды жаңа 2023 жылмен құттықтап, абыройлы да жауапты қызметтеріне күш-қуат тіледі.