Шавкат Мирзияев Махтумкули атындағы Түркіменстан мемлекеттік университетіне барды

    Билік 21 Oktabr 2022 5870

    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Түркіменстанға ресми сапары аясында Махтумкули атындағы Түркіменстан мемлекеттік университетіне барды.

    Ондағы жастар, өнер майталмандары Мемлекет басшысын салтанатты түрде қарсы алды.

    Мұнда Мемлекет басшысына осы оқу орнының Құрметті профессоры атағын беру рәсімі өтті. Университет ректоры Байрамгүл Ораздурдиева мен Түркіменстан Ғылым академиясының президенті Аллаберді Аширов Шавкат Мирзияевке Құрметті профессор киімі және тиісті атақ куәлігін салтанатты түрде табыс етті.

    Кездесу қатысушыларға арнаған сөзінде Өзбекстан басшысы осынау атақ үшін шынайы ризашылығын білдірді.

    Өзбекстан Президенті тәлім-тәрбие ежелден мемлекеттер мен халықтардың дамуын айқындайтын, жігер-қуатын арттыратын күш болып келгенін ерекше атап өтті.

    – Кез келген қоғамның болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қаншалықты білімді, жан-жақты дамығанына тікелей байланысты. Міне, осы себепті Түркіменстандағы сияқты Өзбекстанда да білім беру жүйесінде түбегейлі реформалар жүзеге асырылуда.

    Біздің мақсатымыз – Жаңа Өзбекстан жастарын жан-жақты дамыған, үздік ойлы, Отан тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын етіп тәрбиелеу, – деді Шавкат Мирзияев.

    Мемлекет басшысы өз сөзінде халықаралық саясат мәселелеріне тоқталып, туындап жатқан жаңа қауіптер мен қатерлерге дер кезінде ден қою үшін аймақ елдерінің күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.

    – Жағдайдан шығудың бірден-бір жолы – әрбір ел, әрбір халықтың мүддесін ескеруге және құрметтеуге негізделген сындарлы диалог, – деді Мемлекет басшысы.

    Өзбекстанның Түркіменстанмен халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша тиімді ынтымақтастығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да ұйымдар аясында бір-бірін белсенді қолдап отырғаны атап өтілді.

    Сөзінің соңында Шавкат Мирзияев Махтумкули атындағы Түркіменстан мемлекеттік университеті жоғары білікті кадрлар даярлаудың даңқты дәстүрін жалғастырып, оның түлектері Түркіменстанды одан әрі дамытудағы игі мақсатқа абыроймен қызмет ететініне сенім білдірді.

    Түрікменстан мемлекеттік университеті – мемлекеттің бірінші және ең ірі университеті. Ол 1931 жылы ашылған Ашхабад педагогикалық институтының негізінде құрылған.

    Өзбекстан Президенті университет өміріне арналған көрмені де тамашалады.

    Мұнда математика, физика, химия, биология, география, тарих, түркімен және шет тілдері, ақпараттық технологиялар және құқық факультеттерінің 12 факультетінде 7 мыңнан астам студент білім алуда.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates