Әскери оркестр «Естелік әнін» орындады. Мемлекет басшысы «Матонат Мадхиясы» мемориалдық кешеніне гүл шоғын қойды.
Атаулы кешен Екінші дүниежүзілік соғыста бес ұлынан айырылған Зүлфия ана Зокированы, оның адал келіндері мен жетім қалған немерелерін еске алуға арнап салынған. Ол халқымыздың соғыста, бейбітшілік үшін күрестегі жоғалтулары, тыныштық символы ретінде саябақтың қақ ортасында орналасқан. Осы тұрғыдан алғанда, «Матонат Мадхиясы» соғыста баласынан айырылған барша аналар мен әйелдерге арналған ескерткіш.
Бұл іс-шараға Қарулы Күштер құрамындағы министрліктер мен ведомстволар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері де жиналды. Олармен әңгіме барысында Президент халқымызға құттықтауын жолдады.
-Бүгін осы Жеңіс саябағында тұрып, құрметті ардагерлерімізді, барша халқымызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Осындай сәттерде батыр бабаларымызды еске алып, олардың ерлігі алдында бас иеміз. Олардың бейбітшілік пен еркіндік жолына берілген сан қырлы өмір жолы – келешек ұрпақ үшін отқа жанбайтын, суға батпайтын ұлы мұра, – деді Шавкат Мирзияев.
Мемлекет басшысы бұл жер соғыстың зардабын және бейбітшіліктің қадірін еске түсіретінін атап өтті.
– Бүгінде әлем қауіпті болып барады. Әр сәт сынақты болуда. Бұл бізге де әсер ете ме? Сөзсіз әсер етеді. Бірақ біз халқымыздың өміріне бұл әсерді азайту үшін шаралар қабылдап жатырмыз. Тынымсыз еңбегімізбен, ынтымағымызбен, Алла қаласа, бұл сынақтардан да өтеміз, – деді Президент.
Министрлік мен ведомстволар, жұртшылық өкілдері де кешен ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.