Шавкат Мирзияев: Қырғызстан – біздің маңызды стратегиялық серіктесіміз, ең жақын көршіміз және уақыт сынынан өткен досымыз

    Билік 27 Yanvar 2023 3470

    Бішкектегі «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров шағын құрамда кездесу өткізді.

    Мемлекет басшысы шақыру мен жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, Өзбекстан-Қырғызстан ынтымақтастығы алдағы екі жылда өте тиімді дамып келе жатқанын атап өтті.

    – Қырғызстан – біздің маңызды стратегиялық серіктесіміз, ең жақын көршіміз және уақыт сынынан өткен досымыз, – деді Шавкат Мирзияев.

    Тараптар кейінгі екі жылда қарым-қатынастарды мүлде жаңа деңгейге шығара алғаны айтылды. Өзбекстан-Қырғызстан шекарасын делимитациялау тарихи оқиға ретінде танылды.

    Келіссөздер барысында екіжақты саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникация, су-энергетика және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

    Өзбекстан басшысы кейінгі жылдары өзара сауда көлемі жеті есеге өскенін атап өтті. Өткен жылдың өзінде тауар айналымы 30 пайызға артып, 1,3 миллиард долларға жеткен.

    Екі елдің үкіметтеріне тауар айналымының көлемін одан әрі ұлғайту және өзара өнім жеткізу номенклатурасын кеңейту бойынша бірлесіп жұмыс жасау тапсырылды.

    Өнеркәсіп, тоқыма, энергетика, тау-кен және ауыл шаруашылығы салаларындағы жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

    Осы мақсатта Өзбекстан-Қырғызстан даму қорының әлеуеті белсендірек пайдаланылмақ.

    Сонымен қатар, Мемлекет басшылары өңірлік құрылымдар мен халықаралық диалог алаңдар аясындағы ынтымақтастықты, Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты, заманауи қауіп-қатерлерге тиімді күресуді талқылады.

    Тараптар көпжақты құрылымдар аясында өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates