Мемлекет басшысы хорезмдік сайлаушылармен кездесті

    Сайлау 22 Sentabr 2021 5116

    Өзбекстан Либерал -демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзияев 22 қыркүйекте Хиуа қаласында Хорезм облысы сайлаушыларымен кездесті.

    Кездесуде Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Шавкат Мирзияев өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы баяндама жасады.

    Бұл бағдарлама Өзбекстан дамуын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған он басымдықтан тұрады. Олар қатарында - экономиканы ғылым мен жоғары технология негізінде дамыту, белсенді бизнес және қаржылық қолдау арқылы кедейлікті қысқаруы, ауыл шаруашылығындағы тиімділікті арттыру, халықтың денсаулығын арттыру, аймақтарды дамыту, мемлекеттік басқару жүйесін нығайту, әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету, ашықтық және прагматикалық сыртқы саясат жүгізу, мәдени және рухани салаларды арттыру бойынша жоспарлар белгіленген.

    Соңғы бес жылда Хорезм облысында орын алған өзгерістер жайлы айтылып, онда өнеркәсіпте, қызмет көрсетуде және ауыл шаруашылығында құны 2 миллиард долларды құрайтын 7 мыңнан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылды. 141 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Туризм саласында 80 жаңа қонақүй салынды. Тошсока суару желісін қайта жаңғырту нәтижесінде 191 мың гектар жерге су барды. 12 мың пәтерлі түрғын-үй салынды.

    Осы кездесуде үміткер сонымен қатар алдағы бес жылға арналған бағдарламасын баяндап, алдағы уақытта облыста 250 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Оның 100 мыңы кәсіпкерлерді махаллаларға кеңінен енгізу арқылы ұйымдастырылады. Туристік қызметтерді кемінде 5 есеге арттыру бойынша жеке бағдарлама қабылданады. 12 мың гектар мақта мен астық алқаптары қысқарып, халыққа ашық конкурс арқылы жалға беріледі. Көлік, білім, медицина, экология және басқа да әлеуметтік салалардағы жоспарлар да жарияланды.

    Кездесу барысында партия өкілдері сөз сөйлеп, Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауында Шавкат Мирзияевті қолдауын сұрап, басқаларды да осы бастаманы қолдауға шақырды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates