Кездесуде аталған жетекші қаржы институтымен стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды.

Кейінгі жылдары банкпен ынтымақтастықтың оң қарқыны атап өтілді. Бірлескен жобалардың жалпы портфелі 5 миллиард АҚШ долларынан асып, мұнай-химия, энергетика, телекоммуникациялар, инфрақұрылым, жеңіл өнеркәсіп және басқа да салаларды қамтып отыр.

Энергетика, көлік және IT инфрақұрылымын дамыту, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және өзге де басым бағыттар бойынша жалпы құны 10 миллиард доллардан асатын жаңа жобаларды сапалы дайындау мен іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ әлеуметтік салада мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау, жеке секторды дамытуға бағытталған инвестицияларды кеңейту маңызды екені атап өтілді.

Өз кезегінде Нобумицу Хаяси серіктестіктің нәтижелерін жоғары бағалап, Жаңа Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар бағдарламасын қолдайтынын білдірді.