Ширин қаласында қуаттылығы 1600 мвт-қа тең заманалық жылу электр станциясы салынады

    Энергия 29 Mart 2022 2337

    Сырдария облысында қуаты 1600 мвт заманалық жылу электр станциясын салу жобасы бойынша келісімге қол қойылды.

    “Сырдария облысында қуаты 1600 мвт-қа тең Бу-газ жылу электр станциясын кұру” инвестиция жобасы аясында «Өзбекстанның ұлттық электр желілері» АҚ мен EDF (Франция), Nebras Power (Катар) және Sojitz (Жапония) компаниялары консорциумы арасында электр энергиясын сатып алу туралы келісімге қол қойылды.

    Келісімге Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында Консорциумның вице-президенті Беатрис Буффон ханым мен «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ басқарма төрағасы Дададжон Исакулов қол қойды.

    Жоба аясында Сырдария облысының Ширин қаласындағы 55 гектар жерде заманалық “Н-claas-тағы” біріккен циклде істейтін газ және бу турбиналы жылу электр станциясының құрылысы жоспарланған болып, 2026 жылының январь айында іске түсірілуі күтілуде.

    Жобаның жылдық электр энергияны өндіру қуаты 12 миллиард кВт/сағатты құрайды. Станцияның пайдалы жұмыс коэффициенті 60 пайыздан жоғары болады, нәтижесінде жылына 1,1 миллиард текше метр табиғи газ үнемделеді.

    Маңыздысы сол, станция құрылысы кезінде 2500-ге жуық, пайдалануға берілгеннен кейін 120 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    Айту орынды, Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі ашық тендер саудалары арқылы іс жүзіне асырылған ең ірі инвестициялық жобалардың бірі саналады.

    Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық қаржы корпорациясының техникалық көмегімен өткізілген ашық тендерде 2021 жылдың 19 ноябрінде EDF-NEBRAS-Sojitz компаниялар консорциумы (Франция, Катар және Жапония) жеңіске жеткен болатын.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates