Кездесуде елімізде соңғы жылдары жүзеге асырылған реформалардың тиімділігі, қазіргі макроэкономикалық жағдай, ақша-несие саласындағы өзгерістер, бағалар мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, институционалдық даму және әлеуетті арттыру бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы толық ақпарат берілді.

Швейцария Ұлттық банкі тарапынан экономикалық саладағы өзгерістер, макроэкономикалық көрсеткіштер мен нәтижелер жоғары бағаланып, Өзбекстанның Орталық банкімен өзара ынтымақтастықта жүзеге асырылатын  жобалардың болашағы туралы пікір алмасылды.

Атап айтқанда, институционалдық  және кадрлар әлеуетін дамытуда жүзеге асырылған біріккен жобалалар аясында Орталық банкте жалпы тепе-теңдік модельдерді (DSGE)  макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған инструменталды дамытуға техникалық көмек көрсету бағдарламаларын жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Бұл ретте, бүгінде әлем экономикасындағы көзделген жағдайлар, жаһандық қаржылық жағдайлардың өзгерісі және олар бойынша күтілімдер, сыртқы экономикада туындайтын жағдайлар мен олардың әсерлерін жұмсарту бойынша шаралары талқыланды, деп хабарлайды Мақазий банкінің баспасөз қызметі.