Қытайдың “China Eastern Airlines” әуе компаниясы алғаш рет Сиань-Ташкент-Сиань бағыты бойынша тұрақты әуе қатынауын жолға қойды.
Өзбекстан Транспорт министрлігінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 июль күні сағат 14:50-де әуе компанияның алғашқы рейсі Ташкент халықаралық әуежайына қонды.
Әуе компания осы бағыт бойынша рейстерді аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері “Airbus A320” ұшағы арқылы орындайды.
Мәліметтерге орай, қазірде Өзбекстан мен Қытай арасында жолаушы тасымалдау бойынша аптасына 46 тұрақты рейс бар. Ағымдағы жылдың август айының соңына дейін тағы 11 рейсті қосылып, жыл соңына дейін апта сайынғы рейс санын 60-қа жеткізу жоспарлануда.








