Дүние жүзінде бұл дерттің алдын алуға, оны ерте анықтауға және емдеудің заманалық әдістерін қолдануға үлкен көңіл бөлінуде.
Бұл тұрғыда елімізде айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Өзбекстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропаның аймақтық бюросына мүше мемлекет ретінде 53 мемлекет арасында туберкулезге қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері бойынша 2-орынға ие болуы да бұл мәселеге мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп отырғанының дәлелі.
Бүгін астанамызда Денсаулық сақтау министрлігі, АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) және ДДСҰ мамандарының қатысуымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай шара өтті.
Наргиза Парпиева,
Республикалық мамандандырылған фтизиатрия және пульмонология ғылыми-практикалық медициналық орталығының директоры:
– Бұрын елімізде туберкулезді анықтауға 3-4 ай уақыт кететін. Қазіргі уақытта ауруды генно-молекулярлық әдіс арқылы небәрі 70 минутта дәл анықтап, нақтама қоюға болады.
Озық хирургиялық әдістердің енгізілуі, тиімді дәрілерді қолдану нәтижесінде науқастардың аурудан жазылу мерзімі де 2 жылдан 9 айға дейін қысқарды. Қазіргі таңда ғалымдарымыз халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып, емдеу курсын 6 айға дейін қысқарту және тиімді емдеу әдістері бойынша зерттеулер жүргізуде.
Медицинамыздағы осындай маңызды жетістіктердің арқасында елімізде туберкулез ауруының көрсеткіші 2,5 есеге, өлім-жітім көрсеткіші 6-8 есеге дейін азайды. Өз кезегінде, емдеудің тиімділігі 91,2 пайызға жеткізілді. Бұл көрсеткіш дүниежүзінде 85 пайыз екенін ескерсек, нәтиженің ауқымын бұдан да анық көруге болады.
Осы орайда USAID Өзбекстанға жақыннан көмек көрсетіп келеді. Атап айтқанда, соңғы жарты жылда агенттік елімізге жалпы құны 700 мың долларға жуық туберкулезді жедел диагностикалауға арналған GeneXpert жүйелерін ұсынды. Маңыздысы сол, бұл құрылғылар медициналық сынақ нәтижелерін бірнеше сағат ішінде медициналық тест нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік береді.
GeneXpert жүйесі сонымен қатар аурудың белгілі бір түрін емдеу үшін берілген антибактериалды препараттарға төзімділікті тексеруге де көмектеседі, бұл дәрігерлерге пациент үшін ең тиімді дәрі-дәрмекті таңдауға, сондай-ақ ауруды ерте анықтауға және ауруды дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді.
Шарада USAID тарапынан Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігіне туберкулез ауруын анықтауда қолданылатын 16 GeneXpert диагностикалық жабдығы берілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.