Бұл Сырдарияда осындай оталарды жүргізуге мүмкіндігін береді, – дейді эндоваскулярлық хирургия бөлімінің меңгерушісі Хуршид Хакимов. – Операциялық практиканың қолайлылығы сонда – денеге ине тимейді, операция аз уақытқа созылады. Сонымен қатар, операциядан кейінгі оңалту уақыты да қысқа. Ашық операцияда байқалатын қан кету, тігілген ақаулардың қайта ашылуы сияқты асқынулар байқалмайды.
Жоғары технологиялық эндоваскулярлық отаны Республикалық Балалар ұлттық медициналық орталығының жетекші мамандары сырдариялық эндоваскулярлық хирургтармен бірлесе отырып жасады. Нәтижесінде жүрек ақауы жойылды, деп хабарлайды Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.