Сырдарияда Гүлстан медициналық кластер жұмыс бастады

    Денсаулық 21 Aprel 2022 4458

    Сырдария облыстық көптармақты медицина орталығының орнына денсаулық сақтау жүйесінің жаңа үлгісі – Гүлстан медициналық кластері пайда болды.

    Бұл кластерде халыққа кепілдендірілген пакет шеңберінде біліктілігі жоғары мамандандырылған стационарлық, амбулаторлық-емханалық консультациялық-диагностикалық медициналық қызметтер тегін, ал кепілдік берілген пакетке кірмейтін медициналық қызмет түрлерін ақылы негізде көрсету жолға қойылды.

    Құрамына 5 негізгі медициналық мекеме кіретін медициналық кластер медициналық қызметтің бірнеше түрін бір уақыттың өзінде көрсетеді. Ол үшін тиісті қолайлы жағдай, заманауи медициналық құрал-жабдықтар қажет болады.

    Бұл мәселе де назардан тыс қалған жоқ. Сырдария аудандық көптармақты медициналық орталығы кластердегі өзіне тиесілі ғимараттар мен құрылыстарды бейімдеу, қайта жөндеу және жаңадан ғимараттар салу мақсатында «Ауылдық құрылыс инвестициялық жобалау институты» жобаның сметалық құжаттарын жасады.

    - Бұл жерде жобалық сметалық құжаттар негізінде құны 100 миллиард сум болатын құрылыс және қайта құру жұмыстары жүргізіледі, - дейді «Гүлстан» медициналық кластерінің директоры Қадыр Хотамов.

    - Қазіргі таңда аталмыш кластердің 100 орынды хирургиялық корпусында орналасқан 5 бөлімшеге косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құны 18 миллиард сум болатын 100 орынды терапия корпусы салынып, пайдалануға берілді, эндокринология бөлімшесінің ғимараты қайта жөндеуден өтуде.

    - Ағымдағы жылдың январь айында 30 орынды облыстық соғыс және еңбек ардагерлері ауруханасының ұжымы медициналық кластерге қосылып, қосымша 30 орынды кардио-ревматология бөлімі іске қосылды.

    Бір қуанарлығы, медициналық кластердің хирургиялық бөлімдерінде жоғары технологиялық операцияларды жасау үшін 2021 жылдың соңы мен 2022 жылдың басында құны 1 миллиард 735 миллион сумға заманауи медициналық құрал-жабдықтар әкелінді. Бұл жоғары технологиялық, хирургиялық операцияларды астанадағы мамандандырылған орталықтарда емес, Сырдарияда жасауға мүмкіндік береді.

    Ғулом ПРИМОВ,

    Сырдария облыстық

    Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің қызметкері.