Сырдарияда Өзбекстан-Қытай университеті мен ғылыми-зерттеу институты құрылады

    Білім 5 Aprel 2023 1008

    Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Ибрагим Абдурахманов Қытай Ғылым академиясына қарасты Синьцзян экология және география институтының бір топ ғалымдарын қабылдады.

    Кездесу аясында Президент құзырындағы Аралбойы халықаралық инновация орталығы мен Синьцзян экология және география институты ынтымақтастықта 2023-2025 жылдары жүзеге асырылатын құны 500 мың доллар болатын «Арал теңізі әуізінің экологиясы тіктелуінде фотоэлектрлік күн энергиясын пайдалану тәжірибесін қолдану және көрсету» инновациялық жобасын іске асыру болашақтары талқыланды.

    Жоба аясында күн панелдері астында галофит, шөл және тұзға төзімді өсімдіктерді өсіруді, күн панелдері арқылы алынған электр энергияны, сонымен қатар тұзды суларды тазартудың арнайы технологияларын қолдануды көздеген. Осылайша шөлді аймақта пайда болған жасыл жамылғылар құмды дауылдардың пайда болуына жол бермеуге қызмет етеді.

    Ибрагим Абдурахманов бұл жобаны және Синьцзян экология және география институтының Өзбекстанның ғылыми-зерттеу мекемелерімен ынтымақтастығы аясындағы жобаларды қолдап-қуаттауға дайын екенін білдірді. Сұхбат барысында, сондай-ақ, коронавирус пандемиясынан кейінгі кезеңде елдер арасындағы екіжақты ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жандандыру бойынша да пікір алмасылды.

    Осы ретте, Сырдария облысында экология, ауыл шаруашылығы, су проблемасы, ирригация бағыттары бойынша Өзбекстан-Қытай біріккен жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерін құру туралы келісімге қол жеткізілді.

    Кездесу соңында Қытай тарапы министр И.Абдурахмановты ағымдағы жылдың август айында Үрімші қаласында өтетін халықаралық форумға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates