Сырдарияда жаңа жылу электр станциясы іске түсті

    Энергия 21 Noyabr 2022 1935

    20 ноябрь күні сағат 10:22-де Сырдария облысының Ховос ауданында Түркияның «Cengiz Enerji» компаниясы салған қуаты 220 МВт жаңа газ-поршеньді жылу электр станциясы Өзбекстанның бірыңғай электр желісіне электр энергиясын бере бастады.

    Бұл электр станциясы жылына 1,7 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіреді.

    Станцияда орнатылған құрылғылардың тиімділігі жоғары болғандықтан жылына 150 миллион текше метр табиғи газ үнемделеді. Үнемделген табиғи газ арқылы қосымша 685 миллион кВт/сағ электр энергиясын өндіруге болады.

    Маңыздысы, станция құрылысы кезінде 700-ге дейін, пайдалануға берілгеннен кейін 100-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылды.

    Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 29 март айында Өзбекстан мен Түркия Президенттері аталған электр стансасының құрылысын бастаған болатын, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates