Бүгінде орталықтың облыстық филиалына сондай-ақ Гүлістан, Байауыт және Ақалтын, Сырдария аудандық медициналық бірлестіктерінің жедел жәрдем бөлімдерінің әрқайсысына жалпы құны 1 миллиард 965 миллион 822 сумды құрайтын 5 заманауи, ең соңғы үлгідегі лапароскопиялық аппарат әкелінді.
Бұл құрылғылар кеуде қуысы мен ішкі құрылысы мүшелерінің өткір аурулаында эндохирургиялық, гинекологиялық, жатырдан тыс жүктілік және аналық без кисталары нақтамасымен жатқан науқастарға отаны сәтті жасауға мүмкіндік береді.
Әлемдік стандарттарға сай, аз инвазивті хирургиялық емдерді жасау үшқн өз біліктіліктерін арттырып келген жергілікті мамандарымыз енді бүгінгі әкелінген Германияның «KARL STORZ SE & Co. KG» компаниясында шығарылған лапароскопия аппараттарын іс жүзінде оңай қолданады.
—Бұл аппараттың артықшылығы өте көп», — дейді Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы Сырдария филиалының бас дәрігері, хирург Шараф Соатмуродов. — Науқастың денесін мүмкіндігінше кіші өлшемде кесу арқылы, ауқымды хирургиялық іс жүзіндік емдерді аз уақыт және аз қаржымен тиімді орындауға болады.
Бұл жағдайда науқас тезірек сауығып кетеді және ең бастысы емдеу тиімдірек болады. Рас, мұндай әрекеттер бұрын да болған, бірақ қазір өте кішкентай балаларда да осы түрдегі туа біткен нұқсандар аз инвазивт және тиімді болған торокоскопиялық және лапароскопиялық әдістермен қарын немесе кеуде қуысын ашпастан толық аурулар жойылуда.
Ғулам Примов,
Сырдария облыстық
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз хатшысы.