Сырдария облысы әкімдігі суреттері

Сырдария облысының 1959 фермер шаруашылық астықшылары  85,0 мың гектар жерге астық егіп, барлық агротехникалық шараларды  өз уақытында тиянақты жүзеге асырды.  Ұйымшылдықпен орындалған еңбектің  нәтижесі өз жемісін берді.  Яғни, 25 жұмыс  күнінде жеңістің мәресін мақтанышпен иеледі.

Фермер шаруашылықтарға минералдық тыңайтқыштар, жанармай және қажетті материалдық көмекпен  дер кезінде қамтамасыз етілгендігі үлкен нәтиже бергенін айту орынды. Сондай-ақ сатып алу қаржысы астықтың өнімділігіне қарап төленуі мен мемлекеттік келісімшарт  жоспарының  үддесінен шығудың  маңызы зор.

Астық өнімін өндіру мен  мемлекетке  дән сату бойынша Мырзабад, Байауыт және Сейхунабад аудандарының диқандары көштің басын қолдан бермеді. Нәтижеде келісімшарт жоспарын  біріншілер қатарында орындады.

Облыс бойынша үстіміздегі жылы 30 июньге дейін мемлекетіміздің  астық қырманына  153 978  тонна тапсырудың  орнына 154028  тонна тауар дән жеткізіп беріліп, астық тапсыру бойынша келісімшарт жоспары 100,3 пайызға орындалды.

Өндірілген астықты төгін-шашын қылмай  орып-жинап алуда  облыстағы барлық  340  комбайын, 151 жауынгер отряд қалыптастырылды. Бұл отрядтарға аудан әкімшіліктері, ішкі  істер бөлімі, ұлттық гвардия қызметкерлері мен тағы басқа тиісті ұйымдардан 1 540  жауаптылар және 1247  жүк автомашинасы, 151 техникалар, 90 көшпелі  ұстаханалар, 98 жанармай  таситын құралдар  біріктірілді,  деп хабарлайды Сырдария облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі.