Ферғана облысының әкімі Хайрулло Бозоров Сух ауданында салынып жатқан жаңа әуежаймен танысты.

Сух ауданы Навобод махалла азаматтар жиыны аумағында жылдам қарқынмен салынған аэродромның ауданы жеті гектарды, ұзындығы жеті жүз метрді құрайды.

Құрылыс жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен алты миллиард сегіз жүз миллион сум бөлінді, онда ұшу алаңы, күту залы, тамақтану орны, сауда нүктесі, демалу орнын қамтыған заманауи кешені ұйымдастырылды. Жақын күндері сынақ рейстері жоспарланған.

Әуежай құрылысы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 8 августағы «2020-2021 жылдары Ферғана облысы Сух ауданының кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі іс шаралар туралы»  Жарлығына сәйкес жүргізілді.

Облыс әкімі әуежайдың ұшу-қону жолақтарында, күту және қызмет көрсету залында жүргізілген жұмыстарды тексерді. Бұл туралы Ферғана облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.