Спорт саласына мемлекеттік қызметтерді көрсету одан әрі жетілдірілетін болады

    Ел назарында 7 Noyabr 2023 983

    «Спорт саласына мемлекеттік қызмет көрсетуді одан әрі жетілдіру іс- шаралары туралы» Үкіметтің қаулысы (583-санды, 03.11.2023 ж.) қабылданды.

    Қаулымен мемлекеттік спорттық білім мекемелеріне және Өзбекстан футбол ассоциациясының футбол академиясына оқушылардың құжатарын қабылдау, олардың оқуын көшіру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің әкімшілік регламенті бекітілді:

    Регламентке орай, мемлекеттік спорттық оқу орындарына оқушылардың құжаттарын қабылдау үшін өтініш берушілер әр жылы төмендегі мерзімдерде Мемлекеттік қызмет көрсету орталығына немесе БИМҚП (my.gov.uz) арқылы өтініш береді:

    Спорт мектептері мен мамандандырылған спорт мектептері, олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлеріне даярлау орталықтары үшін 1 августан 21 авгусқа дейін ( сол күні де).

    Сауалнама толтырып, 3 жұмыс күні ішінде қаралады.

    Өтініш берушінің жасайтын мекен-жайы бойынша спорт білім мекемелерінде таңдаған спорт түрі болмаған жағдайда, жақын жерде орналасқан басқа спорт білім мемекесіне біріктіріледі.

    Өтініш беруші онлайн кезек бойынша өтінішке сәйкес жіберілген спорттық оқу орнына барып, тиісті құжаттарды тапсырады.

    Тиісінше, қабылдау комиссиясы 1-ші жұмыс күнінде құжаттарды емтихан тапсыру үшін қабылду немесе себебін нақты көрсете отырып, одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    Өтініш қабылданбаған жағдайда, өтініш беруші 5 жұмыс күні ішінде алдыңғы өтініштің нөмірін көрсетіп, анықталған кемшіліктерді жою арқылы қайта өтініш бере алады.

    Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін өтініш берушіден алым алынбайды.

    Бұл мемлекеттік қызмет 2023 жылдың 1 декабрінен бастап көрсетіледі деп жоспарланған.

    Жастар саясаты және спорт министрлігі тарапынан әр жылы 1 январына дейін мемлекеттік қызмет көрсетілетін аймақтардың тізімін, сондай-ақ қабылдау мерзімі бекітіліп, өзінің ресми сайтында жариялайды.

    Бұл тәртіп басқа министрліктер мен кеңселердің жүйесіндегі спорт білім мекемелері және беймемлекеттік білім беру ұйымдарына қолданылмайды.