Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарына сурдоаудармашылар жұмысқа алынды

    Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарында азаматтар мен кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған. Дегенмен, есту және тілінің мүкістігі бар жерлестеріміз сияқты мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекеттік қызметтерді қалай пайдаланады?

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты есту және тілінде мүкістігі бар азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша алғашқы қадамдар жасалды. Мысалы, бірнеше жыл бұрын Ташкент қаласындағы 11 Мемлекеттік қызмет көрсету орталығында тәжірибе ретінде «surdo-online» планшеттері іске қосылған еді. Бұл құрылғылар тікелей онлайн түрінде, интернет коммуникация жүйесі арқылы тұрақты түрде жұмыс істейді және тікелей операторға тәржіме жасайды. Болашақта бұл жүйені республикамыздың барлық өңірлерінде орналасқан Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары мен АХАТ органдарында кеңінен енгізу жоспарланған болатын.

    Алайда, осы енгізілген жаңалықтар толықтай жүзеге асырылмайынша, облыстарда жасайтын есіту және тілінің мүкістігі бар азаматтар мемлекеттік қызметтерді алуда қиындықтарға тап болуда. Әрине, мұндай мәселелерді шешуде мемлекеттік қызметшілердің бар проблемаға қандай жанасуына байланысты. Ферғана қалалық мемлекеттік қызмет көрсету орталығында бірегей шешім табылды. Яғни, сурдоаудармашы келісім-шарт негізінде жұмысқа қабылданып, орталыққа келген мұндай азаматтар арнайы планшет арқылы аудармашыға бейнебайланыспен қосылады.

    «Орташа бір айдың ішінде 10-ға жуық тілінде мүкістігі бар және есту қабілеті нашар азамат мемлекеттік қызметтерді пайдалану үшін келеді», - дейді Ферғана қалалық мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Захиджон Акромов. — Рас, бұрын олармен ресми қарым-қатынаста қиындықтар болған. Олармен бейнеқоңырау арқылы маманмен сөйлесуге мүмкіндік жасалған соң міне мұндай проблемалар жойылды.

    - Жасалған мүмкіндіктерді хабардар ету мақсатында есту және тілінде мүкістігі бар жастар шақырылып, оларға мемлекеттік қызмет көрсету орталығында шағын саяхат ұйымдастырылды. Сурдо-педагогтың көмегімен мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайлар, азаматтар мен кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер, кезекке тұру, ақпараттық үстел, өзіне-өзі қызмет көрсету, қызмет көрсету залдары жан-жақты түсіндірілді.

    Есту және тілінде кемістігі бар азаматтар өздерінің ақпараттық қажеттіліктерінің 90 пайызын көру арқылы қанағаттандыратыны белгілі. Сондықтан ондай тұлғаларды мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға үйрету – бір мәселе. Семинар-тренинг барысында my.gov.uz порталынан қандай пайдалану тәртібі практикалық түрде түсіндірілді.

    Ферғана облысының Әділет басқармасы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates