Mobile-ID жүйесі азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде кең мүмкіндіктер береді

    Цифрландыру 30 Avgust 2022 2256

    Республикамызда мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі бюрократияны, цензураны және басқа да әкімшілік кедергілерді жою, ескірген және заман талабына сай келмейтін тәртіп-ережелерді түбегейлі қысқартуда үлкен қадамдар тасталды.

    Атап айтқанда, тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінен 73 түрдегі анықтамалар мен құжаттарды тапсыру талабы жойылды. Мемлекеттік органдары тарапынан осы мәліметтерді «Электрондық үкімет» жүйесінің кеңсеаралық интеграциялық платформасын пайдалана отырып, осы деректерді алу жүйесін енгізді. Азаматтың өзінен тікелей талап етуге қатаң тыйым салынады. Бұл миллиондаған азаматтарымызды тонналап қағазды тасымалдаудың әуре-сарсаңынан босатты.

    Бүгінгі күннің талабы – халыққа мемлекеттік қызметті қолайлы да жеңіл жолдармен мемлекеттік қызмет көрсету аясын арттыру және азаматтардың кеңседен кеңсеге жүруіне жол бермеу, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде бар ақпаратты сенімді қорғау бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру талап етілуде.

    2022-2026 жылдарға арналған Ұлттық стратегиямызда да « Мемлекеттік қыметті көрсетуде азаматқа назар аудару орталығында» (Citizen — centric service) қағидаты негізінде мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту мен қарқынды дамытудың мақсаттары, міндеттері мен үстем бағыттары белгіленген.

    Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді көрсету көлемін ұлғайту, электрондық мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан дербес пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту және осыған байланысты барлығына бірдей жағдай жасау арқылы инклюзивті орта құру мақсатында 2022 жылдың 1 авгусынан бастап, мемлекеттік қызметтерді пайдалану үшін жеке тұлғаны идентификациялаудың бар жүйесі мен құралдарына қосымша түрде жеке тұлғаны идентификациялаудың Mobile-ID жүйесін енгізу белгіленді.

    Mobil-ID жүйесі «Электронды үкімет» жүйесін пайдаланушыларды идентификациялау бойынша бірыңғай ақпарат жүйесінің құрамдық бөлігі саналатын және тұлғаны оның ұялы телефон нөмірі бойынша идентификациялау, тұлғаны Mobile-ID жүйесін пайдаланып идентификациялау азаматтың қалауына байланысты, мемлекеттік қызмет көрсету орталығы немесе нотариалдық кеңсе тарапынан Бірыңғай интербелсенді мемлекеттік қызметтері порталының мобильді қосымша арқылы жүзеге асырады.

    Mobile-ID жүйесінің көмегімен, жеке басын идентификациялау үшін азамат тарапынан тікелей Орталыққа немесе нотариалдық кеңсеге жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады, ал Орталықтың немесе нотариалдық кеңсе қызметкері азаматтың бет-әлпетін цифрлық форматта суретке түсіреді, электронды саусақ ізін және ұялы телефон нөмірін алады Бірыңғай интербелсенді мемлекеттік қызметтер порталындағы жеке кабинетке ұланады.

    Азамат Mobile-ID жүйесін пайдалана отырып идентификациядан өту үшін Бірыңғай интербелсенді мемлекеттік қызметтер порталының мобильді қосымшасын пайдаланған кезде қашықтықтан биометриялық идентификациялау (Face-ID) әдісі немесе ІD-картадағы электронды цифрлық қолтаңба қолданылады, ал ұялы телефон нөмірі Бірыңғай интербелсенді мемлекеттік қызметтер порталының жеке кабинетіне тегін ұланады.

    Бұл ретте азаматтарды тікелей Орталықтар немесе нотариалдық кеңсе арқылы Mobile-ID жүйесіне идентификациялау 2022 жылғы 31 декабрьге дейін төлем өндірілместен, ал 2023 жылғы 1 январьдан бастап, базалық есептік мөлшерінің 2 пайыздық біржолғы төлем өндірілген жағдайда жүзеге асырылады.

    Mobile-ID жүйесін пайдаланушылар электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданбай-ақ барлық мемлекеттік қызметтерді (қаржылық қызметтерден басқа) пайдалана алады. Бірыңғай интербелсенді мемлекеттік қызметтер порталындағы азаматтың жеке кабинетіне жіберілген барлық хабарламалар оның өтініші бойынша және көрсетілген төлемдер негізінде Mobile-ID жүйесі арқылы анықталған ұялы телефон нөміріне SMS хабарлама түрінде жіберіледі.

    Mobile-ID жүйесін енгізуге және болашақта техникалық қолдауға байланысты қаражаттар Әділет министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді дамыту қоры мен Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің бюджеттен тыс қаржылар есебінен тең мөлшерде заңдылықта тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы белгіленген.

    М. Талибов,

    Ферғана облысы Риштон ауданы,

    Әділет бөлімінің жетекші маманы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates