Мемлекет басшысы жастар арасында спортты дамыту туралы кеңес өткізді

    Билік 1 Aprel 2022 4697

    1 сәуірде Президент Шавкат Мирзияев жастар арасында бұқаралық спортты дамыту шаралары туралы кеңес өткізді.

    Өзбекстанда дене шынықтырумен айналысуға кең жағдай жасалуда. Атап айтқанда, соңғы үш жылда 118 спорт кешені мен махаллаларда 7 мың спорт алаңы пайдалануға берілді.

    Бүгінгі таңда 3500 шағын футбол, 6 мың баскетбол, волейбол, 663 бадминтон алаңы, мыңнан астам фитнес залдары бар. Әр аудан, қала орталықтарында «Денсаулық дәліздері» мен веложолдар салынған.

    Даму стратегиясында алдағы бес жылда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындар санын 33 пайызға жеткізуді көзделген.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 18 ақпандағы жарлығы мен қаулысына орай, Спортты дамыту министрлігі құрылған еді. Оның маңызды міндеттерінің бірі – балалар мен жастар арасында спортты насихаттау.

    Бүгінгі жиында осы бағыттағы жоспарлар таныстырылды.

    Спортты дамыту министрлігіне махаллалардағы жастар жетекшілерімен бірлесе отырып, жыл бойына 6 миллион ұл мен қызды бұқаралық спорттық шаралармен қамту міндеті қойылды.

    Осы мақсатта 10 сәуірден бастап махалла, аудандық, облыстық, республикалық деңгейде бұқаралық спорттық шаралар өткізілмек. Оларды ұйымдастыру үшін «Жастар дәптері» қорынан әр облысқа 100 миллион сумға дейін, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау үшін 1 миллиард сумға дейін қаржы бөлінеді. Үздік жастар аудан-қалалық, облыстық және ұлттық құрама командаларға іріктеледі.

    Ауылды мекендерде спорт инфрақұрылымын жақсарту, жобалардың құнын оңтайландыру және ойын алаңдарын құру жөнінде тапсырмалар берілді.

    Жастардың бұқаралық спорттық іс-шараларға қатысуы бойынша қоғамдастықтың рейтингін әзірлеу, «нашар» деп табылған облыстарға белгілі бапкерлер мен спортшыларды тартып, спортты дамыту қажеттігі айтылды.

    Олимпиада және Паралимпиада ойындарының, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен аудан жастары арасында мотивациялық кездесулер өткізу маңызды екені айтылды.

    Осыларды ескере отырып, бұқаралық спортты одан әрі дамыту, биылғы жылы Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына дайындықты пысықтау, спорт жаттықтырушыларын даярлау жүйесін жетілдіру бойынша шешімдер әзірлеу міндеті қойылды.

    2022 жылдың 14 наурызында Баходир Джалолов, гимнастика бойынша Оксана Чусовитина мектептерін құру туралы Президент Жарлықтары қабылданғаны белгілі. Жиында бұл бағытта атқарылатын жұмыстар да айтылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates