Стратегиялық реформалар агенттігінде Президенттің кеңесшісімен кездесу өтті

    Стратегиялық реформалар агенттігінде Өзбекстан Республикасы Президентінің экономиканы дамыту, тиімді басқару және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесуі өтті.

    Кездесуге С. Чакрабарти жобалық офисінің сарапшылары М.Бейнс, Ж.Слейтер және Э.Темпелман қатысты.

    Кездесу барысында ең алдымен 2024 жылға арналған біріккен «Жол картасын» жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, еліміздің халықаралық рейтингтер мен индекстердегі орнын арттыру іс-шараларын қарастыру, «Мемлекет платформасы» қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, 2024 жылдың сентябрь айында осы платформаның кезектегі жналысын өткізу, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтудегі кедергілерді жою мәселелері қаралды.

    Сонымен қатар, Президенттің кәсіпкерлермен ашық диалогын сапа жағынан жетілдіре отырып, жаңа идеялармен толықтыру, жалпы осы платформа нәтижелілігін одан әрі арттыру бойынша біріккен бастамалар тақыланды.

    С.Чакрабартидің жобалық офисі елімізде бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау және инвестициялық ортаны одан әрі жақсарту бойынша өз ұсыныстарын дайындауға дайын екенін білдірді.

    Кездесу соңында біріккен «Жол картасын» сәтті жүзеге асыру үшін іс-әрекеттерді үйлестіру қажеттігі баса айтылды, деп хабарлайды Стратегиялық реформалар агенттігінің баспасөз қызметі.