Сонымен қатар, мына құжаттар қабылданды:
Өнімдердің «халал» стандарттарына сәйкестігін бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Кеден ісі бойынша ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы келісім;
Жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Сот сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Академиялық-дипломатиялық ынтымақтастық туралы келісім;
«Ақылды» қалаларды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы декларация;
2025-2026 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы серіктестікті тереңдету бойынша бірлескен жоспар.