Стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қойылды

    Билік 22 Dekabr 2022 3346

    Өзбекстан-Қазақстан саммитінің қорытындысына орай екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі өтті.

    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи құжаттарға – Одақтастық қатынастар орнату туралы келісімге және Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімге қол қойды.

    Сонымен қатар, екі елдің үкіметтері, министрліктері және ведомстволары, ірі компаниялары деңгейінде көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған 15 құжат қабылданды.

    «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығын құру туралы, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы, Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер туралы, 2000 жылғы 7 шілдедегі азаматтардың өзара келіп-кету шарттарын қоса алғанда үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама осылар қатарынан.

    Сондай-ақ стратегиялық реформалар, электронды сауданы дамыту, орман шаруашылығы, мемлекеттік қызмет көрсету салаларындағы меморандумдар, Ташкент пен Түркістан, Науаи мен Қызылорда, Жызақ және Түркістан облыстары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша «жол карталары», энергетика, химия өнеркәсібі, көлік және логистикалық жобаларды жүзеге асыру бойынша келісімдер қабылданды.

    Сапар барысында жалпы сомасы 8 миллиард долларды құрайтын сауда-инвестициялық келісімдерге қол қойылды.