Сот жүйесіндегі өзгерістер: 2024 жылдың 1 январынан бастап апелляциялық, кассациялық және бақылау инстанциялары енгізіледі

    Үкім үстінен апелляциялық тәртіпте шағым немесе протест беру мерзімі жиырма күннен он күнге дейін қысқартылуда.

    Бұл туралы АОКА-да Жоғарғы Соттың ақпараттық қызметінің басшысы Азиз Обидовтың қатысуымен өткен брифингте ақпарат берілді.

    Соңғы жылдары соттардың қызметі кезең-кезеңімен жетілдіріліп келе жатқаны, бұл саладағы реформалардың бір бөлігі екені айтылды. Атап айтсақ, 2023 жылғы 27 сентябрьде «Сот қаулыларының заңдылығын, негізділігі мен әділдігін тексеру институтын жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының Қылмыстық-процессуалды кодексіне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заң қабылданғаны ерекше маңызға ие.

    Осы заңға сәйкес, сот үкімдерінің, ұйғарымдарының, қаулыларының заңдылығын, негізділігін, әділдігін тексерудің жалпы шарттары жетілдірілді. Атап айтқанда, 2024 жылдың 1 январынан бастап апелляциялық, кассациялық және бақылау инстанцияларын енгізу белгіленген.

    Бірінші инстанция судияның үкімдері мен ұйғарымдарын бірінші апелляциялық тәртіпте, егер апелляциялық тәртіпте қаралмаған болса, заңды күшке кірген үкімдер, ұйғарымдар үстінен кассация тәртібінде шағым немесе протест беру,ал аппеляция немесе кассация тәртібінде қаралған қылмыс істері бойынша шығарылған үкімдер, ұйғарымдар үстінен болса, бақылау тәртібінде шағым немесе протест беру, сондай-ақ, бақылау тәртібінде қайталап немесе протест білдіру туралы өтінішхатпен өтініш жасауы мүмкіндігі жаратылады.

    Сонымен қатар, үкімге апелляциялық тәртіпте шағым немесе протес беру мерзімі жиырма күннен он күнге дейін қысқартылады. Сондай-ақ қылмыстық істі кассациялық және бақылау тәртібімен қарау нәтижелері бойынша жаңадан ақтау немесе айыптау үкімін шығару өкілеттері беріледі.

    Ең маңыздысы, дәл осы жаңартулар нәтижесінде сотта әрбір іс бойынша соңғы қорытынды шығаруға қол жеткізіледі.

    Айта кетерлік жайт, заңға енгiзiлген осы өзгетулерге сәйкес, бақылау тәртібіндегі шағым немесе протест аудандық (қалалық) соттарда апелляциялық немесе кассация тәртібінде қаралған үкімдер мен ұйғарымдар үстінен, сондай-ақ аудандық (қалалық) соттары тарапынан қаралған іс бойынша Қарақалпақстан Республикасының соты, облыстар, Ташкент қаласы соттарының апелляция немесе кассация тәртібінде шығарылған үкімдері, ұйғарымдары үстінен Қарақалпақстан Республикасы соты, облыстар, Ташкент қалалық соттарына берілсе, аудандық (қалалық) соттардың апелляциялық, кассациялық немесе бақылау тәртібінде қаралған үкімдері, ұйғарымдары үстінен және Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қарақалпақстан Республикасы сотының, облыстар мен Ташкент қалалық соттарының бірінші инстанция бойынша шығарған үкімдері, ұйғарымдары және олар туралы шығарылған апелляция немесе кассация инстанциясының үкімдері, ұйғарымдары үстінен, Жоғары соттың Қылмыстық істері бойынша сот алқасына беріледі.

    Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы мен Бас прокурор Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының бақылау тәртібінде шығарылған үкімдері мен ұйғарымдары үстінен Жоғарғы Соттың Төралқасына бақылау тәртібінде қайта көру үшін протест білдіруі мүмкін.

    Бұл құқық сотталған адамға, оның қорғаушысына, заңды өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге, оның өкіліне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдерінің азаматтық талаппен байланысты бөлігіне, ақталған адамға, оның қорғаушысы мен заңды өкіліне және бұл іске қатысушылар болып табылмайтын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін. өтініштерін қарау нәтижелері бойынша қамтамасыз етіледі

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates