Кейінгі жылдары облыста кәсіпкерлік қарқынды дамып, инвесторлардың аймаққа деген қызығушылығы арта түскен.
Өткен жылы облыстың жалпы өңірлік өнімі 63,7 триллион сумға жетті. Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының саны 30-ға жуықтап, шағын кәсіпорындар 4 820-ға жетті. Соның нәтижесінде 18,8 триллион сумдық өнім өндірілді. 2,1 миллиард доллар көлемінде шетелдік инвестиция игерілді. Әлемнің 37 еліне 483 миллион долларлық өнім мен қызмет экспортталды.
Мемлекет басшысына ұсынылған жобалар облыс экономикасының түрлі салаларын қамтиды. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысы, тау-кен өнеркәсібі және геология, жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, энергетика, денсаулық сақтау және фармацевтика, білім беру, қызмет көрсету мен туризм бағыттарында жаңа өндірістік қуаттарды іске қосу көзделген.
Жалпы құны шамамен 1,6 миллиард доллар болатын жобалар Ресей, Қытай, Түркия, Пәкістан, Жапония, Германия, Үндістан және Моңғолиямен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысы инвесторлармен сұхбаттасты.
Одан кейін жұртшылық өкілдерінің қатысуымен Сұрхандария облысында жалпы құны 7,1 миллиард доллар болатын 44 жобаны іске қосу және бастау рәсімі өтті.
Президент Шавкат Мирзиёев символдық түймені басып, тау-кен өнеркәсібі, геология, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі, азық-түлік, қызмет көрсету және туризм салаларындағы жаңа жобалардың құрылысы мен қызметін бастап берді.
Атап айтқанда, Қытай, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және жергілікті инвесторлар қатысуымен 741 миллион долларлық 13 жоба іске қосылды.
Сондай-ақ Австрия, Германия, Нидерландия, Қытай, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей және Ауғанстанмен бірлесіп, 6 миллиард 300 миллион долларлық 31 жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталды.
Бұл жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде 18 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 82 триллион сумдық өнеркәсіп өнімі өндірілетін болады. Соның арқасында 1 миллиард 400 миллион долларлық өнім экспорттау мүмкіндігі пайда болады.