Сұрхандариядағы шалғай мектептерге көлік бөлінді

    Білім 11 Noyabr 2022 1732

    Сұрхандарияның шалғай аумақтарындағы мектеп филиалдарында оқитын оқушыларға негізгі мектепке бару үшін көлік бөлінді.

    Сұрхандария облыстық халыққа білім беру басқармасына қарасты 26 жалпы білім беретін мектепке 26 «Дамас» автокөлігі берілді.

    Мектеп оқушыларға жасалған мұндай қолайлылықтар Сұрхандария облыстық Кеңесінің « Сұрхандария облыстық бюджетінің үстіміздегі жылдың І-тоқсанының аяқталуына орай табыстар жоспарының артығымен орындалған бөлігі есебінен қаржы бөлу туралы» қаулысы аясында жүзеге асырылды.

    Бұл көліктер облыстағы жағдайы жоқ мектептердің филиалдарында оқитын оқушыларды тасымалдау үшін пайдаланылады. Күннің аптап ыстығында, қақаған қыста шалғайдағы мектептерге баратын 789 ұл-қыз бүгінде барлық жағдайы бар мектептерге көлікпен барады. Облыстағы 26 жөндеуге мұқтаж мектеп филиалдардың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Сұрхандария облысының халыққа білім беру басқармасының ақпаратына сүйеніп.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates