Су тапшылығы артып отырған бүгінгі заманда Өзбекстанда оны бағалап, үнемді пайдалануға ерекше мән берілуде. Кейінгі жылдары 472 мың гектар жер тамшылатып, 48 мың гектар жер жаңбырлатып суаруға көшіріліп, 97 мың гектар жерге суды үнемдейтін басқа да технологиялар енгізілді. 649 мың гектар жер лазермен тегістелді.

Осындай шаралардың нәтижесінде тек 2023 жылдың өзінде 2 миллиард текше метр су үнемделген. Мәселен, бұл Бұхара облысының бір жылдық су тұтынуына тең.

Бұл жағдайды одан әрі кеңейту әрекеттеріне кейбір жүйелік мәселелер кедергі келтіруде. Мәселен, аудандық ирригация бөлімдерінің өкілеттігі шаруашылық аралық каналдармен шектелген. Суды жеткізу қызметтері тиімді қаржыландырылмаған. Коммерциялық банктердің үнемді техника орнатуға берген несиелері шаруалар үшін тартымды емес.

Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде төменгі деңгейде су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Оған сәйкес, аудандық ирригация бөлімдері мен арнайы қызметтердің негізінде «Сумен жабдықтау қызметі» мемлекеттік мекемелері құрылады. Олар экскаватор және басқа да техникалармен қамтамасыз етіледі. Бұл суару желілерін баптауды 2 есеге арзандатады.

Сондай-ақ, барлық суару желілеріне түгендеу жүргізіліп, иелеріне бекітіліп, бірыңғай сәйкестендіру нөмірін әзірлеу көзделуде.

Биыл егіске жіберілген 1 текше метр судың салығы 100 сум болып бекітілгені белгілі. Көпшіліктің санасында орныққан «су тегін» деген ұғымды өзгертетін кез жетті.

Осы принцип бойынша су тұтынушылармен есеп айырысуды орнату ұсынылып отыр. Атап айтқанда, 2025 жылдан бастап егістікке су есептегіш құрал орнатып, тиімді технологияларды пайдаланатын шаруаларға салық коэффициенті төмендетіледі. Керісінше жағдай болса көбейеді. Бұл ретте сумен жабдықтау төлемі алынып тасталады.

Кездесуде суды үнемдейтін технологияларды енгізудің тартымдылығын арттыру шаралары да талқыланды.

Осығар орай бұл мақсатта жеңілдікті несие желісі құрылуда. Атап айтқанда, несие 14 пайыздық мөлшерлемемен 5 жыл мерзімге 2 жылдық жеңілдікпен беріледі. Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысындағы жобалар үшін 10 пайызды құрайды. Фермерлерден несие алу үшін мүлікті кепілге беру талап етілмейді.

Сондай-ақ, несиелер «онлайн» түрде бөлінуі жолға қойылады. Осыған байланысты Агробанк тарапынан «Suvkredit.uz» жүйесін әзірленді. Тағы бір маңызды жайт, енді мердігерлерге су үнемдейтін технологияларды тек жұмыс жобасы негізінде салу, орнатылған жүйелерге кемінде 2 жыл кепілдік беру, кемінде 5 жыл қызмет көрсету сияқты қосымша міндеттер жүктелуде. Бұл талаптарға сай келмейтін мердігерлер жүйеге кірмейді.

Бүгінде су үнемдеу жүйесі енгізілген әр гектарға 8 миллион сум көлемінде субсидия беріліп жатқаны белгілі. Осы уақытқа дейін бұл соманың 50 пайызы технология орнатылған жылда төленсе, қалғаны келесі жылы пайдаланылуына қарай төленетін. Енді бұл тұрғыда қолайлылық жасалып, барлық субсидия қаражаты сол жылы төленеді деп жоспарлануда.

Мемлекет басшысы бұл ұсыныстарды мақұлдап, соңғы тұтынушыға дейін жүйені дұрыс жолға қою, су үнемдеу жұмыстарын кеңейту жөнінде тапсырмалар берді.