Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің қызметін кеңейту бойынша ұсыныстармен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев 12 наурызда кәсіпкерлердің қызметін кеңейту және оларды экспортқа тарту бойынша ұсыныстардың тұсаукесерімен танысты.

    Бұл туралы Мемлекет басшысы 2023 жыл 18 желтоқсанда өткен бейнеселекторлар кеңесінде айтқан еді. Осыдан кейін мамандардың қатысуымен кәсіпкерлердің ұсыныстары негізінде жаңа тәсілдер әзірленді.

    Талдау сәйкес, былтыр экспорттаушы кәсіпорындарға 665 миллиард сум көмек көрсетіліп, 3 миллиард 200 миллион доллардың экспорты жасалған. Бірақ кейбір салалар мен аймақтарда бұл қаражат тиімді пайдаланылмаған. Электротехника, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, зергерлік секторлардағы экспорт орташа көрсеткіштерге жетпеген. Ұйымдар тарапынан 2709 әлеуетті экспорттаушы қамтылмаған, оларға қазірге дейін ешқандай көмек көрсетілмеген.

    Сондықтан өңірлердегі өндіріс, индустриялық аймақтар мен экспорт мәселелерін бір жүйеге біріктіру көзделуде. 12 салалық және өндіріс бірлестіктерді Сауда-өнеркәсіп палатасы жүйесіне беру ұсынылып отыр. Осы арқылы жобаны дайындау және экспорттау жүйесі мемлекеттен кәсіпкерлердің өзін-өзі басқаратын ұйымына өтеді. Соның нәтижесінде олардың талап-тілектерін тыңдау, мәселелерін шешу жеңілдеп, кәсіпкерлердің өзара ынтымақтастығы артады.

    Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, саладағы агенттіктер мен қорлардың орнына Сауданы дамытушы компаниялар құрылады. Ол шетелден білікті дизайнер, технолог пен маркетологтарды тартады, ұлттық өнімдерді халықаралық талаптарға бейімдеп, экспорттаушыларға жаңа нарықтарға шығуға көмектесіп, ұлттық брендтерді шетелде насихаттаумен айналысады. Субсидия, өтемақы және басқа да қолдауларды осы компания кәсіпкерлердің тұрақтылық рейтингі бойынша бөледі.

    Сондай-ақ «Узбекэкспертиза» акционерлік қоғамы және Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен байланыс нығая түспек. Барлық аудандарда бизнесті қолдау жөніндегі жобалық кеңселер жұмысын бастайды.

    Мемлекет басшысы экономикалық реформалардың басты мақсаты – кәсіпкерлікті дамыту екеніне тоқталып, оны қолдау жөнінде өз ойын білдірді.

    Бірлестіктердің міндеттері мен нәтижелерін қараудың, басшылар мен қызметкерлердің біліктілігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Өңірлерде негізгі жұмыстарды ұйымдастыру, жаңа жобаларды әзірлеу, кәсіпкерлерді экспортқа тарту бойынша тапсырмалар берілді.

    Шенеуніктер биылғы жылы отандық өнеркәсіптік экспорт көлемін 12 миллиард долларға жеткізу жоспары туралы ақпарат берді.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates