Зерттеу: азық-түлік калориясын шектеу қартаю үдерісін баяулатады

    Дұрыс тамақтану адамды түрлі аурулардан сақтайтынын білеміз. Оның үстіне, бұл мезгілсіз өлім қаупінің алдын алатыны белгілі.

    АҚШ-тың Колумбия университетінің зерттеушілері қартаю үдерісін бәсеңдету де сол факторға байланысты екенін дәлелдеді. Дәлірек айтқанда, адамдар азық-түлік өнімдері арқылы қабылдайтын калорияны шектеу жолымен қол жеткізе алады.

    Бастапқыда зерттеу жануарларға сынақтан өтіп, нәтиже күткендей сәтті болды. Келесі кезеңде клиникалық тәжірибеге 220 сау ерлер мен әйелдер тартылды. Бірінші топқа арналған тамақтану рационына ешқандай өзгерістер енгізілмеген.

    Екінші топтың ас мәзірінен орын алған дәл сол енгізілген өнімдер 25 пайызға аз калориямен ұсынылды. Сынақ екі жылға созылды. Бақылаудың басында, ортасында және соңында қатысушылардан қан үлгілері алынды. Осылайша, ғалымдар жасына қарай өзгеретін және қартаю үдерісіне әсер ететін лейкоциттердің ДНҚ талдауын зерттеді.

    Соңында екінші топқа тартылған адамдарда қартаю деңгейі бірінші топқа қарағанда 2-3 пайызға төмендегені анықталды. Өз кезегінде, бұл баяу өлім қаупінің 10-15 пайызға төмендететіні анықталды.