Мемлекет басшысы жоғары және кәсіби білім сапасын арттыру жобасымен танысты

    Саясат 30 Aprel 2025 2523

    Президент Шавкат Мирзиёев 30 сәуір күні жеке сектордағы білім беру қызметтерін жетілдіру, сондай-ақ жоғары және кәсіби білім сапасын арттыруға арналған шаралар тұсаукесерімен танысты.

    Экономиканың дамуы мен инвестициялық ахуал, ең алдымен, кадрлар әлеуетімен тығыз байланысты. Осыған орай жоғары және кәсіби білім беру жүйесі үнемі жетілдіріліп келеді.

    Соңғы жылдары білім беру саласында жекеменшік секторға жасалған мүмкіндіктер нәтижесінде ел аумағында 71 жеке жоғары оқу орны және 51 жекеменшік техникум ашылып, онда 500 мыңға жуық студент пен оқушы білім алып отыр. Соның арқасында елдегі жоғары біліммен қамту көрсеткіші 9 пайыздан 42 пайызға дейін артты.

    Әлбетте, бұл шаралар көптеген жастардың кәсіби және жоғары білім алуына жол ашты. Алайда барлық жеке білім беру ұйымдарында білім сапасы біркелкі емес.

    Мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде қабылдау параметрлері, оқу бағдарламалары, оқу үдерісі мен ғылыми әлеуеттің сапасын арттыру, оларды қазіргі еңбек нарығының талаптарына бейімдеу — негізгі мәселелердің бірі болып отыр.

    Осыған байланысты таныстырылымда жеке білім беру қызметін реттеу, лицензиялау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік аккредитациядан өткізу бойынша жаңа жүйе енгізу туралы ұсыныстар талқыланды.

    Бұл бағытта озық халықаралық тәжірибе негізінде екі сатылы лицензиялау жүйесіне көшу, білім беру бағдарламаларын арнайы аккредитациядан өткізу және әр бес жыл сайын кешенді мемлекеттік аккредитацияны ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды.

    Сондай-ақ, дамыған елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесіне сүйене отырып, білім сапасын сыртқы бағалаумен айналысатын тәуелсіз құрылым құру және сапаны бақылаудың ашық, әділ әрі бейтарап жүйесін енгізу бастамасы көтерілді.

    Білім сапасын қамтамасыз ету мен сыртқы бағалау жүйесінің енгізілуі кәсіби және жоғары оқу орындарында оқыту тиімділігі мен ғылыми әлеуетті арттырып, олардың халықаралық рейтингтердегі орнын жақсартуға ықпал ететіні атап өтілді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates