Махалла міне, осындай тарихи нысандарымен қоса құмыра жасау, кесте тоқу сияқты ұлттық қолөнершілік дәстүрлерін неше ғасырлар өтсе де сақтап, ата-бабалардан кейінгі ұрпаққа жеткізіп келеді, елімізде және шетелде де даңқы шығуда. Бұл жерде әйгілі құмырашы ұрпақтарының өкілдері жасап, ата-бабаларының кәсібін жалғастыруда.
Биыл 93 жасты қарсы алған Муставшира Баракаева солардың бірі. Анамыз өмір жолдасы, шебер құмырашы Ибодулло Нарзуллаевпен 11 перзентті тәрбиелеп өсірген.
Біз махалланың тыныс-тіршілігімен танысуды Муставшира әжейдің жанұясынан бастадық. Теберік жастағы әжей бізді жылы қарсы алды. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттауды дамыту істеріне батасын берді.
— Бұл өнерді бүгінге дейін жеткізуде Ибодулло атаңызбен басымыздан көп ауыр сынақтарды өткіздік, — деді әжей. — Кеңес үкіметі кезінде көптеген құндылықтарымыз сияқты ұлттық қолөнершілік дәстүрлеріне де тыйым салынды. Бабаңыз рақметтік жасырын істейтін, мен мамаларымыздың қалдырған мұрасы кестешілікті көз қарашығымдай сақтап, түндерде өзім де кесте тоқитынмын. Бүгінгі заманға жеткізгеніне мың шүкір. Ұлттық құндылықтарымызды емін-еркін жалғастырудамыз. Мұны көріп күшіме күш, өміріме өмір қосылады.
Әжейдің екі ұлы — Әлішер мен Абдулла Нарзуллаевтар да ата-анасы сияқты шебер қолөнерші. Біз Абдулла ағаның үй-мұражайында болдық.
Ұлттық құндылықтармызға сай құрылған үйге кіргенімізде құмыра жасаумен, кесте тоқумен шұғылданып жатқан қолөнершілерді кездестірдік. Үй-мұражайында ұстаханасы бар, кілем тоқу цехы, жібек жіпті бояу және кесте тоқу үшін қондырғылар орнатылған. Бұдан тыс, екі үлкен залда ұлттық қолөнершілік өнімдерінің мұражайы мен көрмесі ұйымдастырылған. Онда құмырашылық тарихы мен бүгінгі мектептің қызметіне қатысты құнды мәліметтер топталған, озық шеберлер тоқыған кестешілік өнімдері, кілемдер, адрас маталар, ұлттық киімдер қойылған.
Үйге келген саяхатшылар мұражай және көрмені тамашалаумен бірге, өз қолымен кесте тоқуы, кілем тоқу немесе құмыра жасайтын қондырғыларда заттарды жасауы мүмкін. Үй-мұражайында саяхатшылар үшін қонақүй де құрылған. Үй иелерінің айтуынша, пандемиядан алдын бұл жерге жүздеген шетелдік саяхатшылар келіп бірнеше күн қонақ боларды екен.
— Ғыждуан құмырашылық мектебі өзіне тән әдісімен ерекшеленіп тұрады, — дейді Абдулла Нарзуллаев. Бұл үдерісте жүзге жуық элементтерді, алпысқа жуық қалыптарды пайдаланамыз. Өлкемізден алынған топырақты өңдеп, оны дайын өнімге айналдыруға дейінгі үдеріс құмырашыдан үлкен шеберлікті, сабырлылықты, білімді, сананы талап етеді. Сондықтан бұл кәсіпті үйренуге келген жастардың санасына, ең алдымен осы сезімдерді жинақтау, тарихқа құрмет сезімін сіңдіруге әрекет жасаймыз. Сондай-ақ бұл ұлттық құндылықтарымыз ата-бабалардың осындай іс-әрекеттерінің, қайраты мен жанкүйерлігінің арқасында бүгінгі күнге дейін жетіп келген.
— Еліміздің көптеген аумақтары сияқты Бұхара облысында да құндылықтарымыз ардақталып келген тарихи және заманалық үйлескен аумақтар, қасиетті орындар көп. Осындай облыстарды сақтау және болашақ ұрпақтарға қаз-қалпында жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында кең көлемді істер жүзеге асырылуда.
Президентіміз 2021 жылы 9 февральда қабылдаған «Өзбекстан Республикасында ішкі және зиярат туризмді одан әрі дамыту іс-шаралары туралы » жарлығы бұл жөнінде маңызды бағдарламалық дәстүр болуда.
—Осы жарлықта белгіленген міндеттерді өмірге енгізу, саяхатшыларға көрсетілген қызметтерді жетілдіру мақсатында Ғыждуан ауданының «Қорған» және «Чорсу», Бұхара ауданының «Чорбакр» махаллаларында, Вобкент ауданының Ширин, Пешку ауданының Афшона ауылдарында туризм мекенін ұйымдастыру істері жүргізілуде, — деді Бұхара облыстық Туризм және спорт бас басқармасының бастығы Бобур Тухсанов. — Бір ғана Ширин ауылында этнотуризм, балықшылық және қолөнершілік орталықтары, жанұялық қонақүйлер іске түсікеннен-ақ 250 жаңа жұмыс орыны жаратылуы жоспарланған.
— Мемлекетіміз басшысының 2020 жылғы 28 майда «Коронавирус пандемиясының кері салдарын азайту үшін туризм саласын қолдап-қуаттауға қатысты кешіктіруге болмайтын іс-шаралар туралы» жарлығы негізінде «Folk And Art» ЖШҚ Ғыждуан ауданында туристік бағытқа енгізілмеген көне «Ғыждуан Қорғаны» және аудандағы басқа туризм нысандары бойлап 2 күндік саяхат маршруты жасалды. Қазіргі кезде «Қорған» махалласында онға жуық қонақүй, үй-мұражайлары ұйымдастырылды.
Бұхара облысында зиярат туризм әлеуетінің жоғарылығы ескеріліп, шет мемлекеттерімен, ұйымдармен бұл бағытта ынтымақтастықты кеңейту, авиақатынауды тұрақты жолға қою іс-шаралары жасалуда. Бұдан тыс, Бұхара халықаралық азон жарысы, «Тасаввуф оханглари» фестивалі, бірқатар байқаулар мен форумдар өткізу жоспарланған.
Туризм саласында кадлар дайындау мақсатында Бұхара туризм техникумы және Францияның Руан университеті арасында ынтымақтастық байланыс орнатылған. Облыс көлемінде жалпы 50 жаңа қонақүй және Бұхара қаласына тұтасқан магистралды жолдар бойлап 9 мотель құру үшін жер бөлініп, құрылы істері басталып жіберілді. Олот ауданында 12 гектар аумақты қамтыған тұзды су хауызында туризм кластерін ұйымдастыру бойынша бастамашыл инвесторлар тартылды. Қазірде жұмыс қызу, қарқынмен жүріп жатыр.
Бір сөзбен айтқанда, туризм экономикамыздың маңызды тармағына айналдыруда барлық іс-әрекеттерді іске қосудамыз. Бұл іс-шаралар тек экономикалық пайда алу ғана емес, еліміздің бай тарихын әлем бойлап насихаттау, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлеріміздің өміршеңдігін қамтамасыз етуде өз нәтижесін берері сөзсіз.