Ташкентте Креативті экономика бойынша IV Дүниежүзілік конференция өтеді

    «Ташкент қаласында IV Дүниежүзілік креативті экономика конференциясын өткізуге дайындық көруге байланысты іс-шаралар туралы» Президент Қаулысы (ПҚ-301, 23.08.2024 ж.) қабылданды.

    Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.

    Қаулыға сәйкес, 2024 жылдың 2-4 октябрь күндері Ташкентте креативті экономика бойынша IV Дүниежүзілік конференция өтеді.

    Дүниежүзілік конференцияны дайындық және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылып, іс-шаралар жоспары бекітіледі.

    Сонымен қатар, Өзбекстанда 2030 жылға дейінгі креативті экономиканы дамыту тұжырымдамасы мен оны 2025-2026 жылдары жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның жобасы Дүниежүзілік конференция қорытындысында әзірленеді.

    Дүниежүзілік конференция аясында Француз мәдениет орталығының, Ұлттық реставрация орталығының жобаларының, сондай-ақ Абулқосым медресесі мен «Охунгузар» мәдени мұра нысанында креативті экономика кластерлерін құру тұсаукесері өтеді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates