Сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдай отырып, министр елшіні Өзбекстандағы қызметіне кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.
Кездесу барысында тараптар тұрақты диалог пен практикалық ынтымақтастықты, оның ішінде сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси кеңесулер мен Сауда, экономика, ғылым және технологиялар, мәдениет, спорт және жастар жөніндегі Үкіметаралық комиссиялар отырыстарын өткізу арқылы жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Энергетика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға ерекше назар аударылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында тараптарды қызықтыратын басқа да мәселелер талқыланды.