Оған Ұйымға мүше елдердің сарапшылары қатысты. Олар ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың көкейкесті бағыттарын қарады, сондай-ақ алдағы Министрлер жиналысының күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді ескере отырып, оны дамыту жолдарын талқылады.
Атап айтқанда, TМҰ Инвестициялық қорын құру, сауда тәртіп-ережелерін жеңілдету бойынша іс-шаралар қабылдау, Ұйым аясында «Сауда ынтымақтастығы бойынша зерттеу орталығы» мен «Инженерлік және технологиялық орталықты» құру бойынша Өзбекстан бастамасын бекіту болашақтары қаралды.
Экономиканы цифрландыру үдерісерін белсендіру және электронды коммерцияны кеңейту, TМҰ елдеріндегі сауда үйлерінің қызметін ұйымдастыру механизмдері мен қағидаттарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының нақты іс-шараларының жоспарын жасау бойынша сындарлы ұсыныстар жасалды.
Кездесу соңында сарапшылар қарастырып жатқан бастамаларды жүзеге асырудың нақты және дәйекті механизмдерін жасады және осы жылдың 9 ноябрінде өтіп жатқан ТМД мемлекеттері экономика және сауда министрлерінің 11-жиналысы аясында қол қою үшін комбнике құрды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.