2 августа “Термез” полигонында “Оңтүстік—2021” Өзбекстан-Ресей біріккен оқудың ресми ашылу салтанаты өтті.
Оқудың негізгі мақсаты екі мемлекет әскери басқару органдарының ынтымақтастық жүйесін жетілдіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері туралы тәжірибе алмасылды.
Оқудың салтанатты ашылуында Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери дайындық бойынша орынбасары, полковник Қодиржон Турсунов және Ресей Федерациясы Орталық әскери округ штабы бастығының орынбасары генерал-майор Николай Терещенко сөз сөйлеп, өзара ынтымақтастықтың маңызды жақтары мен оқудан көздеген мақсаттарға тоқталып өтті.
Күні кеше оқу-жиын қатысушылары жоспарға сәйкес облыстың тарихи және көрікті орындарына барды. Сонымен қатар Археологиялық мемлекеттік мұражайы, сұрхан этномәдениетін паш ететін кешендері барлығында терең әсер қалдырды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.