Техникумдарды сәтті бітірген түлектерді жоғары оқу орындарына сұхбаттасу негізінде оқуға қабылдау тәртібі бекітілді.

    Білім 12 Yanvar 2022 4954

    Үкімет қаулысымен (17-санды, 11.01.2022 ж.) техникумдардың бітірушілерін жоғары оқу орындарының бакалавриаттарына сұхбаттасу негізінде қабылдау тәртібі туралы ереже бекітілді.

    Осы Ережемен техникумдарды сәтті бітірген түлектер өздерінің мамандығы бойынша бакалавриаттың білім бағыттарына кіру емтихандарынсыз, жеке тәртіпте сұхбат арқылы жоғары оқу орындарының 2-басқышынан оқуды жалғастыру үшін қабылдау тәртібі белгіленді.

    Техникумды жақсы бітіргендер санатына барлық кезеңде оқу семестрлері қорытындысына қарағанда үлгерім бағалары «5» (өте жақсы) және «4» (жақсы), бірақ үлгерім бағаларының кемінде 50 пайызы (медициналық жоғары оқу орындары үшін кемінде 85 пайыз) «5» (өте жақсы) болған бітірушілер кіреді.

    Бұл тәртіп 2021/2022 оқу жылынан бастап, бітіруші техникумды бітірген жылдан бастап екі жыл бойы қолданылады.

    Жоғарыда көрсетілген санатқа жатпайтын және техникумды бітіргеніне екі жылдан асқандар оқуға кірмекші екенін білдіргендерді жоғары оқу орындарының бакалавриат білім бағыттарына оқуға қабылдау жалпы белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

    Оқу бағыттарының тізімі Жоғары және орта арнаулы білім министрлігі тарапынан бекітіледі.

    Оқуға қабылдау төлем-келісімшарт негізде жүзеге асырылады.

    Бітірушілкр жыл сайын 5 июльден 25 июльге дейін Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің ресми веб-сайты арқылы онлайн тіркеледі.

    Мұнда бітірушілер

    төлқұжат немесе ID-карта көшірмесі,

    техникумды бітіргені туралы аттестат және оған қолданбаның көшірмесін жүктеу талап етіледі:

    Онлайн тіркеуден өткен бітірушілердің жүйеге жүктелген құжаттары жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары тарапынан әр жылы 5 августқа дейін үйреніледі.

    Үйрену нәтижелері бойынша талапкерлердің жеке кабинеті арқылы оларға хабар беріледі.

    Бітірушілерді жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау бойынша өткізілетін сұхбаттасу үдерісі әр жылы 10 августан 25 авгусқа дейінгі аралықта, жоғары оқу орындары тарапынан белгіленген мерзімде өткізіледі.

    Бұл Ереже

    жоғары әскери, жоғары әскерилендірілген оқу орындарына;

    Ташкент мемлекеттік заң университетіне;

    Өзбекстанда жұмыс істейтін шетелдік және беймемлекеттік жоғары оқу орындары және олардың филиалдарына қолданылмайды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates