Сондай-ақ министрлік тараптарды жағдайды бейбіт жолмен шешуге және халықаралық құқықтық нормаларды сақтауға шақырады.
Бангкоктағы Бас консулдықтың мәліметінше, қазіргі уақытта Тайланд пен Камбоджада тұратын Өзбекстан азаматтары арасында зардап шеккендер тіркелмеген. Таиланд астанасы мен ірі туристік орталықтардағы жағдай тұрақты, шетелдік туристерге қауіп жоқ екені айтылды.
«Сонымен қатар, біз азаматтарымызды Камбоджамен шектесетін аймақтарға бармауды және ресми ақпарат көздері арқылы таралатын ақпаратты қадағалауды сұраймыз».
Төтенше жағдайларда Бангкоктағы Бас консулдығымызбен төмендегі телефон нөмірлері бойынша байланысуға болады: +66 (2) 675-3995, +66 (2) 675-3996
Сыртқы істер министрлігі отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады», - делінген хабарда.








