Тауларды тұрақты дамыту бойынша жоғары деңгейдегі жиналыс өтті

    Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында Тауларды тұрақты дамыту бойынша жоғары деңгейдегі жиналыс өтті.

    Жиынға қатысушылар таулы аймақтардың экожүйесін жақсарту, оларда тұратын халықтың әл-ауқатын арттыру, мұздықтарды сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жөнінде пікір алмасты.

    Өз кезегінде, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов өз сөзінде еліміздегі таулы аймақтарды дамыту, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз ету аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. «Жасыл күн тәртібін» насихаттау, қоршаған ортаны қорғау, биологиялық алуандылықты сақтау және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану жұмыстары атап өтілді.

    Өзбекстанның таулы экожүйесін қорғаудың басты бағыттары бойынша халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екені айтылды. Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев тарапынан БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясы ұсынған Дүниежүзілік экологиялық хартияны жасаудың өзектілігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.