Тараптар аэронавигациялық қызметтер саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту екі тарап үшін де бірдей тиімді екенін атап өтті.
Кездесуде кәсіпорындардың мүмкіндіктері, алдағы ынтымақтастық және оны дамыту іс-шараларының жоспары талқыланды. Содан соң «Ўзаэронавигация» орталығы және «Тожикаэронавигация» мемлекеттік унитарлық кәсіпорындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.
«Біздің бірлескен іс-әрекетіміз Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы тұрақты және қауіпсіз әуе қатынауын қамтамасыз етудің негізгі факторы болған аэронавигацияның сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Тәжірибе мен технологияларды алмасу бұл тұрғыда жаңа белестерге жетуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деді «Тожикаэронавигация» Мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының бас директоры Лоик Бегиджонзода.
«Бұл меморандум авиация және аэронавигация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, аймақтағы аэронавигациялық қызметтерді одан әрі нығайтуға, тәжірибе алмасуға және екі елдің әуе кеңістігі арқылы самғау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет ететіндігімен маңызды», - деді «Ўзаэронавигация» Мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының директоры. Дониёр Жұмаев.