Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық болжау мониторингі орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Тәжікстанның Соғды облысында, Ташкенттен оңтүстік-батысқа қарай 133 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,3, ал тереңдігі 12 шақырымды құрады.

Өзбекстан аумағында жер сілкінісі Сырдария облысында  2-3 балдық күшімен сезілді.