Тоқымашылық өнімді экспорттаушыларға берілетін несие көлемі екі есеге артады

    Қаржы 7 Sentabr 2023 1674

    Өзбекстан Республикасы Президентинин 2023 жылғы 2 сентябріндегі «Тоқымашылық өнеркәсiбiн қаржылай қолдап-қуаттау бойынша қосымша іс-шаралары туралы» ПФ-155-санды Жарлығы қабылданды.

    Осы құқықтық құжатқа сәйкес, мата, трикотаж мата және дайын тігін-тоқымашылық бұйымдарын экспорттайтын кәсіпорындарды айналым қаражатымен қамтамасыз ету үшін Экспортты қолдап-қуаттау қорына қосымша 50 миллион доллар бөлінеді. Қаражаттар Тіктелу және даму қоры тарапынан револьвер несиелеу негізінде 2026 жылдың 1 январына дейін қайтару шарттарымен жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Шара тоқымашылық өнеркәсіпорындарындағы бар мүмкіндіктерді толығымен жұмылдыруға және олардың экспорттық әлеуетін одан әрі арттыруға бағытталған.

    Мемлекет басшысының 2023 жылғы 10 январьдағы «Мақта-тоқымашылық кластерлерінің қызметін қолдап-қуаттау, тоқымашылық және тігін-трикотаж өнеркәсібін түбегейлі реформалау және саланың экспорттық әлеуетін одан әрі арттыру іс-шаралары туралы» ПФ-2-санды Жарлығына тиісті өзгерістер енгізіледі.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтері ұлттық базасында жарияланды және 2023 жылғы 4 сентябрьден күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".