«Узгидромет» басшысы Шерзодхужа Хабибуллахужаның айтуынша, 5-7 май күндері республикада жаңбыр жауады, тау бөктерлері мен таулы аймақтарда күшті болады.
Республиканың кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
5-7 май күндері күтілетін қатты жаңбырға байланысты республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында, сондай-ақ:
Қашқадария облысы: Яккабоғ, Дехканабад, Шырақшы, Китоб, Шахрисабз, Қамашы, Ғузор аудандарында;
Сұрхандария облысы: Сариосия, Ұзын, Алтынсой, Денов, Байсын, Шерабад, Шорчи, Құмқорған, Музробод аудандарында;
Самарқант облысы: Үргіт, Самарқант, Бұлынғур, Нұрабад, Қошработ, Каттақорған, Поярық, Жамбай, Иштихан аудандарында;
Науаи облысы: Хатыршы, Навбахор, Нұрата, Кенимех, Кармана аудандары;
Жызақ облысы: Замин, Бахмал, Галлаарал, Шароф Рашидов, Фарыш, Янгиабад аудандарында;
Ташкент облысы: Ахангарон, Бостандық, Паркент, Піскент, Орташыршық, Жоғарышыршық аудандарында және Ангрен, Алмалық қалаларында;
Наманган облысы: Поп, Косонсой, Чортоқ, Чуст, Наманган, Янгиқорған аудандарында;
Ферғана облысы: Сух, Шахимардан, Ферғана, Бешарық аудандары;
Әндіжан облысы: Әндіжан, Асака, Жалакұддук, Қорғантепа, Пахтаабад, Ізбасқан, Ходжаабад, Мархамат аудандары мен Ханабад қаласында сел-су тасқыны болуы мүмкін.
Тау бөктерінде және таулы аймақтарда тұратын азаматтарға, демалушылар мен таулы аймақтарда жүріп жатқан көлік жүргізушілерінен сақтық шараларын сақтау сұралды.