Жаңадан әкелген «Afrosiyob» пойыздары Ташкент-Бұхара-Ташкент бағыты бойынша жүреді.

    Көлік 12 Noyabr 2021 1400

    2021 жылдың 13 ноябрінен бастап аптаның сенбі және жексенбі күндері «Ташкент-Бұхара-Ташкент» бағыты бойынша № 770/769 «Afrosiyob» заманауи пойыздары қатынайтын болады.

    Кестеге сәйкес, Ташкент орталық вокзалынан шыққан №770 «Afrosiyob» заманауи пойызы сенбі және жексенбі күндері таңғы сағат 09:02-де Самарқант және Науаи вокзалдарына тоқтап, Бұхара 1 вокзалына 12:47-де жетіп барады.

    Сондай-ақ №769 пойыз Бұхара 1 вокзалынан сағат 15:02-де шығып, Ташкент орталық вокзалына сағат 18:50-де жетіп келеді.

    Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған заманауи « №769 пойыз Бұхара 1 вокзалынан сағат 15:02-де шығып, Ташкент орталық вокзалына сағат 18:50-де жетеді.

    Бүгінде жұмыс істеп тұрған заманауи « Afrosiyob» пойыздары өз кестелері бойынша жүреді, деп хабарлады «O‘zbekiston temir уо‘llari» баспасөз қызметі «O‘ztemiryolovchi» АҚ мәліметіне сүйеніп.

    Қосымша ақпаратты Ташкент қаласындағы 1005 қысқа нөмірінен, жергілікті теміржол кассаларынан және ақпараттық бюролардан алуға болатынын ескертеді.