Ташкент ақпараттық технологиялар техникумы негізінде Ташкент Пучон университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті құрылады

    Білім 19 Avgust 2022 2289

    Ағымдағы жылдың 18 авгусында Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов Оңтүстік Кореяның Пучон университетінің ректоры Хан Чон Сокпен кездесу өткізді.

    Жиында білім және АКТ саласында атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты жалпы пікір алысылды. Атап айтқанда, АКТ министрлігімен бірлесе отырып, білім сапасын қамтамасыз ету, жоғары білікті IT мамандарын даярлау, кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге шығару мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ, Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігі, Оңтүстік Кореяның Пучон университеті және Ташкент Пучон университетінің басшылығымен Ташкент ақпараттық технологиялар техникумы негізінде Ташкент Пучон университетінің Ақпараттық технологиялар факультетін ұйымдастыру бойынша өзара Түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

    Кездесу барысында кореялық сарапшылармен бірлесе отырып ІТ мамандарын дайындау, оларды Өзбекстанға тарту, ІТ-аутсорсинг бағытын дамыту мәселелері талқыланды.

    Анықтама үшін:

    Ташкент қаласындағы Пучон университеті Өзбекстан Республикасының Жоғары және орта арнаулы білім министрлігі, Мектепке дейінгі білім беру министрлігі және Пучон университетінің (Корея Республикасы) бастамасымен Өзбекстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 2 июльдегі 3821-санды Жарлығына орай құрылды.

    Университетте оқыту Өзбекстан заңнамасының талаптарын ескере отырып, Пучон университетінің (Корея Республикасы) оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Ақпараттық технологиялар мен коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates