Ташкент қаласының әкімшілігінде Ә. Науаи көшесін қайта жөндеу мәселесі қаралды

    Урбанизация 16 Mart 2022 1557

    2022 жылдың 15 мартында Ташкент қаласының әкімшілігі Науаи даңғылын қайта жөндеу бойынша жаңа жобасын талқылауға арналған баспасөз конференциясын өткізді.

    Конференцияға белгілі урбанист және транспорт маманы Аркадий Гершман жоба үстінде істеуі бойынша шақырылды.

    Аркадий Гершман қатысушыларды атқарылған жұмыстармен таныстырды, сондай-ақ көптеген қалаларда қабылданған схема негізінде белгіленген басымдықтары туралы тұсаукесер жасады. Бұл схемада бірінші кезекте көше қозғалысының ең осал қатысушылары – жаяу жүргіншілер, екінші орында – қоғамдық көліктер, ал үшінші орында – автокөліктердің мүдделері көзделген.

    Аркадий Гершман «тактикалық урбанизм» құралдары туралы айтып, қауіпсіздік аралдарын құруда қолданылатын, уақытша орнатылатын пластик бағандарды, жаяу жүргіншілер өтетін жолақтарда күннің қараңғы кезінде қажетті болған және жүргізушілерге жақсы көрінетін контрастты жарықтандыруды мысал ретінде келтірді, сонымен бірге қала жағдайында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінде жер асты өту жолдары мен жаяу жүргіншілер өтетін көпірлерге қарағанда қажеттіліктері туралы мәлімет берді.

    Ал ретке келтірілмеген жаяу жүргіншілер өткелдеріне келетін болсақ — олар тек бір жолақты қозғалыста ғана қолданыла алады, екі немесе одан да көп жолақтарда бағдаршам болуы қажет. Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы түсініксіз болған үлкен алаңдар түсінікті сызықтарға дейін қысқартылады, бұған мысал ретінде Цирк пен Чорсу алаңының жанындағы қиылыс: ол жерде “қауіпсіздік аралы” және бағдаршам фазалары көмегінде қатынау белгіленген бағыттарға бөлінеді, өз орнында бұл қозғалысты түсінікті әрі тиімдірек болады және жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қозғалуын қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Автомобиль қатынауы қозғалысының ең проблемалық бөлігінің бірі — солға бұрылу үшін бөлек жолақпен де реттеледі.

    Аркадий Гершман, Транспорт министрлігінің құзырындағы Ташкент жобалық кеңсесінің басшысы Мурод Обидов және Ташкент қалалық транспорт басқармасының басшысы Анвар Жураев журналистердің сауалдарына жауап берді.

    - Жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіздік аралдары қозғалып жатқан жедел жәрдем көліктерінің қозғалысына кедергі болмайды, өйткені өрт сөндіру машиналары мен жедел жәрдем көліктері қоғамдық көліктерге бөлінген жолақтардан қозғала алады.

    - Ферғана жолы көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелдерінің тар бөлімдер үшін жаяу жүргіншілерге қолайлылық жасау тұрғысынан қайта қаралады.

    - Ақтепа алаңындағы ыңғайсыз көлік торабы ауыстырылады. Қазір тиісті құрылымдарда алаңды қайта құрудың төрт нұсқасы қарастырылуда.

    - Автомобильдердің автобустар үшін бөлінген сызыққа шығуына айыппұл салынады, бұл мақсатта фото және бейнефиксация үшін техникалық құралдар даярлануда.

    -Науаи көшесіндегі қиын бұрылып қайту жерлері себепті, Цирк маңында және жаяу жүргіншілер өткелдерінде автокөліктердің бұрылуына рұқсат беру жоспарлануда, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates