Кездесуде Ташкент қаласы әкімшілігінің өкілдері мен TPO бас хатшысы Ташкенттің туристік ресурстары мен әлеуетін арттыруға қатысты маңызды мәселелерді талқылады.
Ву Ха Кёнг мырза Ташкенттің бай туризм ресурстары мен мүмкіндіктерін жоғары бағалап, Ташкент қаласын ТРО ұйымына мүше болуға шақырды.
Кездесу барысында Ташкент қаласы әкімшілігінің өкілдері қаланы туризм орталығына айналдыру жөніндегі жоспарлары мен жобалары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, олар ТРО-мен бірлесіп жүзеге асыруға болатын жобалар мен бастамалар туралы пікір алмасты, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.