Ташкент қаласы әкімшілігі астанадағы азық-түлік, диқан мен бұйым базарларында құрылыс және қайта жөндеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
Айтылуынша, азық-түлік, диқан және бұйым базарларында сатушылар мен сатып алушыларға қолайлылық туғызу, базарлардың жұмысын жақсарту, олардың санитарлық-гигиеналық және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін жағдайға келтіруді мақсат еткен.
Бұл жұмыстардың бірінші басқышында, астананың барлық базарларына өнімдерді негізгі жеткізуші болып табылатын Ташкент ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда базары қайта жөнделеді.
Базарға әкелінген өнімдер базар аумағына сыймай, маңайдағы аудандарда, сонымен қатар Шыршық каналының бойында тәртіпсіз сауда жүргізіліп жатқаны, базар аумағына күніне 600-ден астам жүк көлігі кіріп-шығатыны автомобиль жолдарының кептелісіне басты себеп болып, тұрғындарға елеулі қолайсыздықтар туғызуда.
Қайта жөндеу кезеңінде кәсіпкерлерді өз қызметін «Фуд Сити», «Ташкент индекс» және тағы басқа да сауда кешендерінде ұйымдастырылған қолайлы жағдайларда жалғастыруға шақырады.
Бұл ретте, кәсіпкерлердің мүлкін көшіруге байланысты болған қаражаттар (тасымалдау, тиеу, түсіру және т.б.) тегін жүзеге асырылады және сауда кешендеріндегі дүкендерді жалға алу төлемінен 3 айға босатылады.
Сондай-ақ, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Қойлық» массивінен базар аумағына жолақы алмайтын 10 автобус бағыты қойылды, қоғамдық көлік бекеті құрылып, қаланың барлық бағыттарына қатынау мүмкіндігі жаратылды.
Базарда жұмыс істейтін 144 жұмысшы-қызметкерлер «Фуд сити» және «Ташкент индексі» сауда кешендеріне жұмысқа орналасқан.
«Осылайша, базарларды тәртіпке келтіру, көшіру немесе қайта жөндеу істері астанамыз бойлап жалғасады және тез арада олар тұрғындар үшін жайлы әрі гүлденген орындарға айналады деп сенеміз», - делінген хабарда.