Кездесу барысында қалалар арасындағы тиімді ынтымақтастық үдерісінде саяхатшылардың санын әр екі бағытта да  бір миллионнан астам адамға дейін арттыру, сондай-ақ туризм саласындағы ынтымақтастықты насихаттау шаралары, туризм және мәдени фестивальдерді ұйымдастыру, фольклорлық және әуесқойлық ұжымдардың гастролдері,  өзара ұсыныстар арқылы туроператорлар мен мен БАҚ өкілдерін тиісті ұлттық туристік маршруттар мен өнімдерді зерттеуге шақыру, мемлекеттердің туристік әлеуетін насихаттау мен тұсаукесерін өткізу мәселелері талқыланды.

Диалог соңында Ташкент пен Мәскеу қалалары арасындағы тиімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту және нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.