Ташкент облысы биыл 800 миллион текше метр суды үнемдейді

    Агросектор 27 Iyul 2021 3190

    Мамандардың айтуынша, ауыл шаршашылығы егіндерінің өнімділігінің төмендеуі, кейбір жағдайларда су тапшылығымен байланысты.

    Бұл жағдайды жұмсарту үшін суару жүйесінде үнемдеу технологияларды енгізу, тамшысы алтынға тең судың ысырап болуының алдын алу маңызды.

    Үстіміздегі жылы Ташкент облысында 22 мың 400 гектар жерде суды үнемдейтін технологияларды енгізу жоспарланған, дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәліметінде.

    Сондай-ақ, тамшылатып суару 13 мың гектар, содан мақта 10 мың гектар, бау-бақша 1 мың 895 гектарда, жүзім 655 гектар және басқа егін түрлері бойынша 450 гектарда;

    Жаңбырлатып суару 5 мың гектар, содан, астық 1900 гектар, көкөніс 2024 гектар және азықтық егін түрлері бойынша 1076 гектарда;

    Сондай-ақ 4 мың 400 гектар жерге иілгіш құбырлармен суару технологиялары енгізілуі белгіленген.

    Облыста судан тиімді пайдалану және су ресурстарын үнемдеу мақсатында белгіленген нормаға сай 800 миллион текше метр суды үнемдеу күтілуде.

    Бір ғана “Bostonlq Kartoshkachilik Markazi” ЖШҚ тарапынан 2020 жылда 655,6 гектар жерге астық, жуа, қырыққабат, сәбіз, картоп және дәнді -дақылдарды егіп өсіруде жаңбырлату әдісімен суару технологиясы енгізілді.

    Бұл сияқты іс-әрекеттер жер-жерлерде жүйелі түрде жүргізілуде.